Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.01 EUR 423.24
RUB 5.90 CNY 54.92
Jańalyqtar

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

2018 жылғы 10 маусым 03:24 181
Бөлісіңіз:
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Республиканың солтүстік және оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал. 

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда найзағай жарқылдап, бұршақ жауады Талдықорғанда қатты желден үйлердің шатыры ұшып, көліктер зақымданды

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ға жетеді. Күндіз кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман болады.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с-ға жетіп, шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT