+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бүгін Қазақстанның барлық мектептерінде онлайн соңғы қоңырау соғылады

2020 жылғы 25 мамыр 08:57
Бөлісіңіз:
Бүгін Қазақстанның барлық мектептерінде онлайн соңғы қоңырау соғылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік 25 мамырда соңғы қоңырау мерекесі міндетті түрде онлайн режимде өткізілетіндігін хабарлады.

25 мамыр сағат 11.00 -де телеарналар арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерді құттықтайды.

Сонымен қатар, барлық мектептерде мүмкіндігінше ата-аналардың, қамқорлық кеңес мүшелерінің, бизнес өкілдерінің, мектепті үздік бітірген бұрынғы түлектердің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн соңғы қоңырау өткізіледі.

«25 мамырда онлайн режимінде 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау сынып сабақтарын өткізіледі. Жыл қорытындысын сол жерде әр сынып бойынша жасауға, оны әртүрлі уақытта өткізуге болады. Оны асыра ұйымдастырудың қажеті жоқ. Әр сынып жетекшісі қай уақытта, қалай өткізетіндігін ешқандай есепсіз, сұраусыз жеке тәртіпте өткізуі тиіс», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов министрлікте өткен жиында.

Ал 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT