Бүгін Қазақстанның 8 қаласында ауа ластанады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 29 қарашада еліміздің 8 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдй қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2022 жылғы 29 қарашада Астана, Алматы, Көкшетау, Павлодар, Петропавл және Риддер (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабаламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар