ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Бүгін Қазақстанның 5 қаласында ауа ластанады

2022 жылғы 1 қазан, 05:00
Бүгін Қазақстанның 5 қаласында ауа ластанады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2022 жылғы 1 қазанда Астана, Алматы, Петропавл, Атырау, Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar