Бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы 24 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Балқаш, Жезқазған, Шымкент, Алматы қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар