Бүгін Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 мамыр, жексенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 4 қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларында қалыптасуы мүмкін.

Қостанай қаласындағы метеожағдайлар атмосферада ауаны ластайтын заттардың ыдырауына ықпал етеді.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалға (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) жасалатын болжам.

Соңғы жаңалықтар