Бүгін Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«9 желтоқсанда Астана, Ақтөбе, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қостанай және Қарағанды (1 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Метеорологиялық жағдайлар осы қалалардың атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Сондықтан ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтілуде», - делінген ведомствоның мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар