Бүгін Қазақстанның 10 қаласында ауа ластанады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 10 қаласында эайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2023 жылғы 02 ақпанда Петропавл, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар