Бүгін Қазақстанның 1 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2021 жылғы 7 қазанда Ақтөбе қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде»,-делінген хабарламада.

Қазақстанның өзге қалаларындағы жағдай қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар