Бүгін Қазақстанның 1 қаласында ауа ластанады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы 7 шілдеде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады»,-делінген хабарламада.

Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар