Бүгін Қазақстандағы ең ірі сауда, ойын-сауық орталығының ашылуы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 23 наурыз күні кешкі сағат 18.00-де MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығының (СОСО) ашылу салтанаты болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына артистердің, акробаттардың, каскадерлардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады.Ұлы Жібек жолының сауда «көшелерімен» импровизацияланған театрландырылған шеру жүріп өтеді, HASSAK этно-фольклорлық ансамбль өз өнерін ортаға салады. Сонымен қатар, қолөнершілер мен суретшілердің шығармашылық алаңы ашылады, орталыққа келушілер шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне де ие болады.

Айта кетейік, MEGA Silk Way СОСО-ның техникалық ашылуы 6 наурызда өткен болатын.


23 наурыз күні MEGA Silk Way СОСО-да өтетін мерекелік іс-шаралардың тізімі:

18:00 - СОСО елордалықтар мен қала қонақтарына есіктерін ашады.

18:00-19:00 - Орталықтың ішімен керуеннің мерекелік шеруі (1-қабат).

18:00-21:30 - Қолөнершілер жәрмеңкесі (1-қабат).

18:30-19:45 - СОСО-ның ресми ашылу салтанаты (келушілер үшін сұрақ-жауап сайыстары өтеді, акробаттардың, HASSAK этно-фольклорлық ансамблінің өнер көрсетуі, 1-қабат).

19:00-19:30 - Акробаттар шоуы (1-қабат).

19:30-20:00 - Әуе гимнастарының шоуы (1-қабат).

19:30-20:20 - Ағашаяқпен жүретіндер театры (2-қабат).

20:00-21:00 - «Ұлы жібек жолы» театрландырылған көрінісі (1-қабат).

20:00-20:20 - Акробатикалық шоу.

20:20-20:40 - Эквилибристер шоуы (1-қабат).

20:30-21:30 - Театрландырылған-музыкалық кавалькада (1-қабат).

20:50-21:40 - Ағашаяқпен жүретіндер театры (2-қабат).

21:40-21:50 - Әуе гимнастарының шоуы (1-қабат).


Еске салайық, «Mega» сауда, ойын-сауық кешенін «Жібек Жолы» (Silk Way) атауды Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын.

Қазақстандағы ең ірі СОСО-ның жалпы аумағы 140 мың шаршы метрді құрайды. Атриумдардың биіктігі 25 метр.  Ғимарат үш қабаттан тұрады: екі қабаты жер үстінде орналасқан және біреуі - жер астында. Сауда орталығына 9 жерден кіруге болады, оның екеуі - жер астында. 2100 автомобильге тұрақ орны дайындалған, оның 400-і жер астында орналасқан.  Ғимараттың 62 пайыз бөлігін коммерциялық нысандар алып жатыр. Қалған үштен бір бөлігі білім саласына, спорт, ойын-сауық және әлеуметтік жобаларға арналған орындар үшін жасалған.

MEGA SilkWay 2 мың адамды жұмыспен қамтитын болады, ал қызмет көрсету компанияларын ескерер болсақ, нысанда 5 мыңға жуық адам жұмыс істеуі мүмкін.

Что ждет астанчан на официальном открытии ТРЦ MEGA Silk Way. Друзья, напоминаем, что завтра в Астане состоится официальное открытие MEGA Silk Way.  Новый торговый центр распахнет двери в ❗️18:00❗️ Приглашаем всех на грандиозное открытие в MEGA Silk Way! . ⚜️В программе: ▫️18:00 - 19:00 Праздничное шествие каравана по ТРЦ, 1 этаж. ▫️18:00 - 21:30 Ярмарка ремесленников, 1 этаж. ▫️18:30 - 19:45 Официальное открытие ТРЦ. Викторина для посетителей. Вступительная композиция от этно-фольклорного ансамбля "HASSAK". Выступление воздушных гимнастов под живое выступление этно-фольклорного ансамбля "HASSAK". Городская площадь, 1 этаж. ▫️19:00 - 19:30 Акробатическое шоу, Городская площадь, 1 этаж. ▫️19:30 - 20:00 Выступление воздушных гимнастов "Шоу птицы", 1 этаж. ▫️19:30 - 20:20 Театр на ходулях, 2 этаж. ▫️20:00 - 21:00 Театральное шествие "Шелковый путь", Городская площадь, 1 этаж. ▫️20:00 - 20:20 Акробатическое шоу - "Мельница, энергия будущего", Городская площадь. ▫️20:20 - 20:40 Шоу эквилибристов, 1 этаж. ▫️20:30 - 21:30 Театрально-музыкальная кавалькада, 1 этаж . ▫️20:50 - 21:40 Театр на ходулях, 2 этаж. ▫️21:40 - 21:50 Выступление воздушных гимнастов, Городская площадь, 1 этаж.  Ждем вас в 18:00 по адресу: г. Астана, проспект Кабанбай батыра, 62, ТРЦ MEGA Silk Way. ⚫ #ASTANALOOK

Публикация от 👥 Столичная атмосфера l Астана (@astana.look) Мар 22 2017 в 9:41 PDT

Соңғы жаңалықтар