Бүгін Қазақстанда рухани келісім күні

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда рухани келісім күні.

1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің 1-інші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. 1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.

Бүгінде республикада 140-тан астам ұлттар мен ұлыстар және 18 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.Республикамызда мекендейтін барлық халықтардың адамгершіл және рухани бірлігі еліміздің одан әрі гүлденуінің басты іргетасы.

Соңғы жаңалықтар