+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Бүгін - Қазақстанда нан күні

2020 жылғы 16 қазан 13:41
Бөлісіңіз:
Бүгін - Қазақстанда нан күні

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы қыркүйекте Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілді, соған сәйкес 16 қазан - нан күні болып белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нан – халықтың ең маңызды және сүйікті тағамы. Барлық халықтарда нан ерекше құрметке ие және дастарханның мәні мен сәні. Ал, Қазақстан үшін нан экспорттың негізгі бөлігі» деп мәлім етті ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Нан күні – астық және ұн өнімдерінің құрметін арттырып, қазақстандық диқандардың, ұн тартушылар мен наубайханалардың еңбегін елеу үшін арнайы белгіленді.

2006 жылдан бастап 16 қазанда - Дүниежүзілік нан күні аталып өтіледі.

Бұл күні көптеген елдерде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспазшылардың, наубайханалардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптар, халықтық серуендер, сондай-ақ барлық мұқтаж адамдарға нанның тегін таратылуы, қайырымдылық акциялары және тағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жиналғандар нан өнімдерінің әртүрлі сұрыптары мен түрлерін бағалап қана қоймай, сонымен қатар нанның қалай пайда болғанын, оның тарихы мен дәстүрін, неден жасалғанын, қай жерде өскенін, қалай пісірілетінін көріп, таныса алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT