Бүгін - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 15 жыл

None
None
АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 15 жыл толып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Елбасы Жарлығымен 1995 жылы наурыздың 1 -інде құрылған бұл ұйым -Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты - еліміздегі оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ел ішіндегі бірлікті сақтауда ерекше рөл атқарады. Елдің ынтымағын сақтауда қазақ халқының бауырмалдық қасиетін, өзге ұлттардың достық ниетін жоғары бағалауымыз керек.

Осы орайда 2009 жылы қазанның 26-сы күні өткенҚазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Дәуір алмасып, заман өзгерді. Қазір байырғы қазақ жерінде жаңа азаматтық қоғам қалыптасуда. ХХІ ғасырда қазақтар мемлекет құраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналуда. Қазақ халқы өзіне жүктелген аса маңызды жауапкершілікті сезіне отырып, бұл тарихи миссияны абыроймен атқарып шығады деп сенемін»,- деді.

Ассамблея мәдени-ағартушылық - тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау, тәрбиелік - қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру, ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту ісімен айналысады.

Сонымен қатар Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындайды.

2007 жылғы Конституцияға еңгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі арта түсті, соған орай осы ұйымдың 9 мүшесі ҚР Парламенті Мәжіліс іне депутат болып сайлайды.

Соңғы жаңалықтар