Бүгін Қазақстан футбол кубогының қарымта ойындары өткізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 7 маусымда футболдан Қазақстан кубогы ширек финалының қарымта ойындары өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысында «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» командалары шеберлік байқасады.

Ойындар 17:00-ге белгіленген.

Ал 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Тобыл» (Қостанай), «Атырау» мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады.

Петропавл және Қарағанды қалаларындағы ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, алғашқы кездесуде «Астана», «Тобыл» және «Ордабасы» өз алаңында «Тұран», «Шахтер» және «Қызылжарды» бірдей 2:0 есебімен тізе бүктірген еді.

Ал «Қайрат» Алматы қаласында «Атыраумен» 1:1 есебімен тең түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Алтын доп» иегері Карим Бензема «Реал Мадрид» клубынан кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар