Бүгін қасиетті Рамазан айы және мұсылмандардың бес парызының бірі - Ораза басталды

None
None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін қасиетті Рамазан айы және мұсылмандардың бес парызының бірі - Ораза басталды (2013 жылғы шілденің 9-ы - 1434 хижра жылының 1-ші рамазаны).

Рамазан - мұсылман күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл айда мұсылман қауымы ораза тұтады, оны парсы тілінде «Рузе», түрік тілінде - «ураза», ал қазақ тілінде «ораза» деп атайды. Ораза тұтуды 624 жылы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) белгілеп кеткен. «Ораза» деген сөздің мағынасы «алыстау» деген ұғымды білдіреді. Шариғат бойынша ораза тұту дегеніміз - таң сәріден күн батқанға дейін тамақ пен судан, басқа да тән ләззатынан еркін түрде бас тарту. Ораза - мұсылманға берілген бес парыздың үшіншісі. Ораза тұту Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарында жазылған.

Мұсылмандар осы айда ораза тұтады, тарауық намазын оқиды, Құран оқуларына қатысады, пітір садақа береді. Сонымен олар өздерінің жүректеріне имандылық ұялатып, рухани тазаланады, өйткені дәл осы айда адамдарға Қасиетті Құран Кәрімнің бірінші аяттары жіберілген болатын.

Биылғы жылғы қасиетті Рамазан айы әлем бойынша шілденің 9-ы күні басталып, жиырма тоғыз күнге жалғасады. Оның соңы мұсылман әлемінің мейрамы Ораза айтпен ұласады.

Соңғы жаңалықтар