+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Бүгін Қарағанды облысының барлық аймақтарында Әнұран шырқалды

2020 жылғы 4 маусым 17:24
Бөлісіңіз:
Бүгін Қарағанды облысының барлық аймақтарында Әнұран шырқалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімдігінде ҚР Мемлекеттік рәміздер күні онлайн режимде өткен «ҚР Мемлекеттік рәміздерінің философиясы - Ұлы дала тарихында» атты дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дөңгелек үстелге облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, белгілі қоғам қайраткері, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібеков, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жастар өкілдері және т. б. қатысты.

Жиында облыс әкімі мемлекеттік рәміздердің әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңыздылығын атап өтті.

«Сіздерді Қазақстанның әрбір азаматы үшін ең маңызды күн – мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын. 28 жыл бұрын, 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы негізінде елдің негізгі атрибуттары қабылданды және әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан мәртебесі белгіленді. Біздің тәуелсіздігімізді әлемге паш ете отырып, мемлекеттік рәміздер ұлы даланы мекендеген халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен мәдениетін бейнелейді. Еліміздің басты заңында «Әрбір азамат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті« делінген. Ана сүтімен бірге туған жерге деген махаббат сіңіріледі, сондай-ақ отансүйгіштікке тәрбиелеу де отбасынан басталады. Қарапайым отбасылық тарихтан, ұлттық әдебиетті оқудан, бірлескен ойындардан басталады», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

4 маусымда сағат 11.00-де Әнұран Қарағанды облысының барлық аймақтарында шырқалды. Акцияға 1 мыңға жуық ұйым және 10 мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар, барлық қала мен ауданда бүгін Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жүздеген іс-шара өтіп жатыр. Еліміздің негізгі атрибуттарына деген осындай құрмет әр күннің нормасына айналуы тиіс, деп атап өтті облыс әкімі.

Облыс басшысының сөзін дөңгелек үстел қонақтары қолдады. Жандарбек Мәлібековтің пікірінше, жас ұрпаққа мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихымен таныстыра отырып, патриоттық тәрбие беру қажет.

«Баршаңызды осы қасиетті күн - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын. Әлі де есімде, біздің Елтаңба 1992 жылғы 4 маусымда сағат 17.27-де қабылданды. 360 депутат оған дауыс берді. Бастапқыда сын айтылды, бірақ біз бәрін ескердік. Елтаңбаның негізгі идеясы - шаңырақ. Ежелгі уақытта Ұлытау ауданында және қазіргі Қазақстанның басқа да белгілі жерлерінде тайпалар көсемдері өз белгілерін қалдырды. Бұл символдардың мағынасы - мәңгілік ел, яғни тәуелсіздік пен еркіндік. Қарағанды облысы Елтаңбаның құрылу тарихына өз үлесін қосты», - деп атап өтті Жандарбек Мәлібеков.

Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Зиябек Қабылдинов мемлекеттік рәміздерді насихаттау үшін сыннан өткен халықаралық әдістерді қолдану қажет деп санайды.

«Мемлекеттік рәміздер жөніндегі бірінші конференция Қарағанды облысында онлайн форматта өтуде. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау үшін халықаралық тәжірибе мен әдістерді қолдану қажет. Мысалы, Швецияда Ту күні тойланады. Неге біз осылай жасамаймыз? Бельгияда Гимн ескерткіші бар. Неге бізде осылай істемеске? Мұндай мысалдар өте көп», - деп пайымдайды Зиябек Қабылдинов.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелеу - үздіксіз процесс деген пікірге келді. Бұл үдеріспен халықтың барлық санаттары қамтылуы тиіс.

Шара соңында Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен аймақтың қоғамдық өмірінде ерекше көзге түскен азаматтар марапатталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT