Бүгін Иван Дычко аргентиналық Эспиндоламен қолғап түйістіреді
2022 жылғы 24 маусым 04:33

Бүгін Иван Дычко аргентиналық Эспиндоламен қолғап түйістіреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) Буэнос-Айрестегі (Аргентина) бокс кешінде аргентиналық былғары қолғап шебері Кевин Эспиндоламен (7-3, 2 КО) шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Аргентинада өтетін жекпе-жек алдында ауыр салмақтағы қос боксшы салмақ өлшеп, көз түйістірді. Хавивейттегі жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Жекпе-жектің тікелей эфирідегі көрсетілімі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-ден кейін басталады.

Айта кетейік, Иван Дычко өзінің бұдан бұрынғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізген болатын. Ол ресейлік 45 жастағы Александр Устиновпен (36-6-1, 27 КО) бақ сынасып, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Кевин Эспиндола осы жылдың сәуір айында рингке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жерлесі Науэль Паласиостадан (1-7, 0 КО) басым түскен, бұл жекпе-жек төрт раундқа есептелген.

Эспиндола өзінің барлық жекпе-жектерін өз Отанында, Аргентинада өткізеді және ешқашан жеңілмеген қарсыластармен шеберлік сынасқан емес.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT