Бүгін хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Францияның Гренобль қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (1 дивизион, А тобы) басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы Германия, Дания, Украина, Франция және Норвегия командаларына қарсы ойнайды.

Кездесулер 14-20 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан хоккейшілері алғашқы матчта Германияға қарсы ойнамақ.

18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының (І дивизион) кестесі:

14 сәуір, 23:30 - Қазақстан-Германия

15 сәуір, 23:30 - Франция-Қазақстан

17 сәуір, 16:30 - Украина-Қазақстан

18 сәуір, 20:00 - Қазақстан-Норвегия

20 сәуір, 20:00 - Дания-Қазақстан

Кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар