17:01, 23 Мамыр 2022 | GMT +6
Бүгін хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Италиямен ойнайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы бүгін, 23 мамырда кезекті ойынын Италияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу елорда уақытымен 19:20-де басталып, «Qazsport» телеранасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Дания, Франция, Швейцария, Канада, Словакия және Германия құрамаларынан жеңілді. https://lenta.inform.kz/kz/shaybaly-hokkeyden-alem-chempionatynda-kazakstan-germaniyadan-zhenildi_a3935778
Әзірге Қазақстанның қоржынында ұпай жоқ. Турнир кестесінде көш соңында тұр.
Небәрі 1 ұпай еншілеген Италия турнир кестесінде жетінші орында келеді.
Екі құрама бұған дейін 8 мәрте кездесті. Оның 5-уі Қазақстанның жеңісімен аяқталса, қалғанында италиялық құрама басым түсті.
Былтыр әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер аталған қарсыласын 11:3 есебімен тізе бүктірген еді.