Бүгін - Халықаралық музыка күні

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық музыка күні 1975 жылдан бері 1 қазанда аталып өтеді.

Бұл елеулі іс-шара 1973 жылы ЮНЕСКО аясында Лозанна қаласында өткен Халықаралық Музыка Кеңесінің 15-Бас ассамблеясында қолдау тапқан, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Facebook-тегі парақшасы арқылы.

«Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде танымал композиторлардың музыканы насихаттауға бағытталған шығармашылық кештері мен танымдық көрмелер өтеді. Қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан барша өнер майталмандарын осынау айтулы күнмен құттықтаймыз! Өнер биігінен көріне беріңіздер!»,-делінген министрліктің жазбасында.

Соңғы жаңалықтар