+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Бүгін - Халықаралық медбикелер күні

2019 жылғы 12 мамыр 10:31
Бөлісіңіз:
Бүгін - Халықаралық медбикелер күні

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық медбикелер күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл күнді халықаралық деңгейде атап өту бастамасы 1953 жылы көтерілген болатын. Араға 12 жыл салып, Халықаралық медбикелер күні ресми түрде аталып өтетін болды. Ал 1974 жылы медбикелердің Халықаралық кеңесі аталған мерекені мамырдың 12-сі күні тойлауды ұйғарды. Себебі бұл күн - медбикелер қызметінің негізін қалаушылардың бірі, танымал Флоренс Найтингелдің туған күні. Ол XX ғасырдың басында консервативті Англияның медицинасын түбегейлі өзгертіп, осы салада медбикелер қызметінің ашылуына себеп болды.

Айта кетейік, Қазақстанда медицина саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы салаға қатысты биылғы жаңалық - елімізде 1 шілдеден бастап 225 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30 пайызға көбейеді. Ал бүгінгі таңда шамамен 70 мың теңге көлемінде айлық жалақы алып келген медбикелердің жалақысы 1 шілдеден бастап 100 мың теңгеге жететін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT