Бүгін – Халықаралық Каспий күні

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін – Халықаралық Каспий күні. Бұл - теңіз жағалауындағы 5 мемлекет: Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан атап өтетін экологиялық күн, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, дәл осы күні 2006 жылы Каспий теңізі мен қоршаған ортаны ластанудан қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция күшіне енді.

«Құжатқа Тегеранда қол қойылды. Ол Каспий теңізі өңірін қорғауға қойылатын жалпы талаптарды қамтиды және бұл үшін қажетті институционалдық тетіктерді құруды көздейді.

Бұл күнді белгілеудегі мақсат - қарқынды дамып келе жатқан Еуразияның өнеркәсіптік, көліктік және курорттық орталығында табиғатты қорғау, осы саладағы 5 мемлекеттің ынтымақтастығын нығайту және экологиялық білімді насихаттау.

Соңғы жаңалықтар