+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Бүгін - Халықаралық қар барысы күні

2021 жылғы 23 қазан 09:24
Бөлісіңіз:
Бүгін - Халықаралық қар барысы күні

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 қазанда әлемде Халықаралық қар барысы күні атап өтіледі. Бұл күн 2013 жылы Бішкектегі қар барысын қорғау туралы өткен дүниежүзілік форумда бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қар барысы таралу ауқымы мен саны азая бастаған жыртқыш ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі елімізде 130-ға жуық қар барысы бар екенін хабарлайды.

Олар 9 ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейді: Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Көлсай көлдері, Катон Қарағай, Сайрам-Өгем, Шарын, Алтын Емел МҰТП, Ақсу-Жабағылы және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары.

БҰҰ Даму бағдарламасы аясында «Қар барысын сақтау жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары» әзірленді. Жоспардың мақсаты қар барысының популяциясын ғылыми зерттеу болып табылады.

Фототұзақ арқылы «Алтын-Емел» МҰТП аумағын да қар бырысы мекен ететіні анықталды. Мұнда қар барысының отбасы тіркелген.

Қар барысы 2700-5000 метр биіктікте өмір сүреді. Құйрығының ұзындығы 1 метрге, денесінің ұзындығы 2,1 м жететіндері де кездеседі.

Қар барысы Қазақстаннан бөлек Қытай, Моңғолия, Индия, Непал, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Ресей, Ауғанстан, Бутан, Өзбекстан жерлерінде де кездеседі.

Жер бетіндегі қар барысының жалпы саны 4-6 мың аралығында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT