Бүгін футзалдан әлем чемпионаты басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Литвада футзалдан әлем чемпионатының финалдық сатысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы қатысады. Дүбірлі додада барлығы 24 құрама бақ сынайды.

Қазақстандық футзалшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Литва, Венесуэла, Коста-Рика.

Қазақстандықтар алғашқы ойынын бүгін, 12 қыркүйекте Коста-Рикаға қарсы өткізеді. Одан кейін 15 қыркүйекте Литвамен ойнаса, 18 қыркүйекте Венесуэламен шеберлік байқасады.

Өзге топтарда құрамалар төмендегіше бөлінген:

В тобы: Өзбекстан, Гватемала, Ресей, Египет;

С тобы: Таиланд, Португалия, Марокко, Соломон аралдары;

D тобы: Панама, Чехия, Вьетнам, Бразилия;

E тобы: Ангола, Жапония, Парагвай, Испания;

F тобы: Аргентина, АҚШ, Сербия, Иран;

Топтық кезең ойындары 12-20 қыркүйек аралығында болады. Ал 1/8 финал 22-24 қыркүйекте өткізілсе, ширек финал 26-27, жартылай финал 29-30 қыркүйекте ойналады. Финал мен 3-орын үшін сайыс 3 қазанға белгіленген.

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті. https://www.kazinform.cn/kz/kazakstan-futzaldan-alem-chempionatynyn-finaldyk-kezenine-shykty_a3611539


Соңғы жаңалықтар