Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Айта кетсек, құрлықтық додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Қарсыластары - Италия, Словения және Финляндия. Алдымен қазақстандық футзалшылар 20 қаңтарда Словениямен кездессе, 24 қаңтарда Финляндиямен, 28 қаңтарда Италиямен шеберлік байқасады.

Еуропа чемпионатында барлығы 16 құрама бақ сынайды. Құрамалар төмендегі топтарға бөлінген:

А тобы: Нидерланды, Сербия, Украина, Португалия

С тобы: Ресей, Польша, Словакия, Хорватия

D тобы: Грузия, Испания, Әзербайжан, Босния және Герцоговина.

Құрлықтық дода бүгін Сербия мен Португалия құрамалары арасындағы кездесумен басталады. Сондай-ақ бүгін Нидерланды мен Украина құрамалары шеберлік байқасады.

Аталған турнирдегі ойындар Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан күндері өткізіледі.

Еуропа чемпионаты 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін Испания - 7, Италия - 2, Ресей мен Португалия 1 мәрте чемпион атанды.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы бұған дейін Еуропа чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте сынға түсті. 2016 жылы - 3, 2018 жылы 4-орын алды.




Соңғы жаңалықтар