Бүгін футболдан Премьер-лига командаларының 21-тур ойындары басталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған тур 1 және 2 қазан күндері өтеді. Бүгін, 1 қазанда үш ойын болса, 2 қазанда қалған төрт кездесу белгіленген.

Алдымен 1 қазанда сағат 17:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) жасыл алаңға шықса, 18:00-де «Ордабасы» (Шымкент) пен «Атырау», 20:00-де «Тараз» бен «Мақтарал» (Түркістан облысы) шеберлік байқасады.

Ал 2 қазанда сағат 15:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы) командалары кездеседі.

Сондай-ақ 17:00-де «Ақжайық» (Орал) пен «Ақтөбе», 18:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» командалары ойнайды.

Ойындар «Qazsport» және ПФЛК-ТВ арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір турнир кестесінде «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл» командалары алғашқы үштікте келеді.

Еске салсақ, футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» пен «Қайсар» жеңіске жетті.



Соңғы жаңалықтар