Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогі өткізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Суперкубок ойыны елордадағы «Астана Арена» стадионында сағат 15.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған кездесуде былтыр ел чемпионы атанған елордалық «Астана» мен Қазақстан кубогының иегері болған шымкенттік «Ордабасы» клубтары шеберлік байқасады.

Биыл суперкубок ойыны өз тарихында 16-мәрте өткізілмек. Қазірге дейін ол еліміздің Алматы («Орталық»), Астана («Астана Арена»), Қостанай («Тобыл Арена») және Түркістан («Түркістан-Арена») қалаларында болды.

Бұған дейін суперкубокқа барлығы алты команда қол жеткізді. Олардың қатарында «Астана» - 5, «Ақтөбе» - 3, «Қайрат» пен «Тобыл» - 2, «Шахтер», «Ордабасы» мен «Елімай» - 1 мәртеден еншіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» африкалық футболшымен келісімшартқа отырды.

Соңғы жаңалықтар