Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі басталады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңі жалауын басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы тур ойындары 8, 9, 10 шілде күндері өткізіледі. Ал екінші тур 15, 16, 17 шілдеге белгіленген.

Бүгін 8 шілдеде «Ақсу» мен «Атырау», «Қайсар» мен «Ақжайық», «Шахтер» мен «Тұран», «Жетісу» мен «Астана» командалары кездеседі.

Ал 9 шілдеде «Қайрат» пен «Ордабасы», «Тараз» бен «Тобыл», «Мақтарал» мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.

Қазақстан кубогының алғашқы турын 10 шілдеде «Каспий» мен «Қызылжар» командалары түйіндейді.

Сондай-ақ командалар үшінші тур ойындарын 22, 23, 24, төртінші турды 29, 30, 31 шілде күндері өткізсе, бесінші тур 5, 6, 7 тамызға есептелген.

Алтыншы тур 13, 14, 15 тамызда ойналады.

Жеребе нәтижесі бойынша 16 команда төрт топқа бөлінген.

Оның 14-і Премьер-лигада сынға түсетін клубтар болса, жарыстың үш сатысында жеңімпаз атанған «Қайсар» мен «Жетісу» олардың қатарына қосылды.

Командалардың топтарға бөлінуі төмендегіше:

А тобы: «Ақсу», «Атырау», «Қайрат», «Ордабасы»

В тобы: «Қайсар», «Ақжайық», «Каспий», «Қызылжар»

С тобы: «Ақтөбе», «Мақтаарал», «Тараз», «Тобыл»

D тобы: «Шахтер», «Тұран», «Жетісу», «Астана».

Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты негізгі сатысының жеребесі тартылған еді.



Соңғы жаңалықтар