Бүгін футболдан Қазақстан кубогының алтыншы туры басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алтыншы тур ойындары 13 және 14 тамыз күндеріне белгіленген.

Бүгін А тобында 21:00-де «Қайрат» (Алматы) және «Атырау» командалары кездессе, «Ақсу» (Павлодар облысы) және «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, В тобында 19:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақжайық» (Орал), С тобында «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Тараз» командалары жасыл алаңға шығады.

Ал 14 тамызда 18:00-де D тобында «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан), 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), 21:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), В тобында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойындары басталады.

Еске салсақ, Қазақстан кубогының топтық кезеңі 8 шілдеде жалауын көтерді. Ол 15 тамызда мәресіне жетеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Тобыл» мен «Қызылжар» футболдан UEFA Конференция лигасында жарысты жалғастыруданшет қалды.


Соңғы жаңалықтар