+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады

2020 жылғы 1 шілде 14:45
Бөлісіңіз:
Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Қайрат» бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды Футбол: Чемпиондар лигасы қалай жалғасады Футбол: Қазақстан құрамасы Черногориямен кездеседі

Естеріңізге сала кетелік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурыздан кейін елімізде доп додасы белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Сол уақыт аралығында қаржы мәселесіне орай Павлодардың «Ертіс» командасы чемпионат ойындарын жалғастырудан бас тартты. Енді доп додасында барлығы 11 команда бақ сынайтын болады.

Қазір турнир кестесінде үш ойыннан кейін 7 ұпаймен «Астана» командасы көш бастап келеді. Одан кейінгі орындағы «Қайраттың» 6, «Тобылдың» 4 ұпайы бар.

Бүгін «Қайрат» пен «Жетісу», «Тобыл» мен «Каспий», «Ордабасы» мен «Шахтер», «Қызылжар» мен «Оқжетпес», «Қайсар» мен «Тараз» командалары кездеседі.

Жақында өткен Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) футбол инспекторларымен бейнеконференцияда бірқатар мәселелер талқыланды. Онда чемпионатты өткізу тәртібі нақтыланды .

Енді санитарлық нұсқаудың қатаң талаптарына сай ойын кезінде жанкүйерлерге стадионға кіруге болмайды. Ойын кезінде қызмет ететін қызметкерлердің саны талаптарға сай шектеледі. Аталған қатаң ережелер команда өкілдеріне және ойынға қатысатын футболшыларға да қатысты болмақ.

Қосалқы ойыншылар отыратын жерде тек қана команданың бас бапкеріне, оның көмекшісіне және дәрігердің болуына рұқсат етіледі. Қосалқы құрам ойыншылары 2-3 метр арақашықтық сақтап, өз командалары отыратын орындықтардың артындағы трибунада отыруға рұқсат етіледі. Олар маска және медициналық қолғап киюі тиіс.

Ойын алдында сапқа тұру рәсімі болмайды, негізгі құрам ойыншылары стадиондағы шешінетін бөлмеден тікелей футбол алаңына шығады. Командаларға 5 ойыншы алмастыруға рұқсат етіледі. Бірақ ойын барысында кездесуді тек 3 рет тоқтатуға болады. Қосалқы құрамның ойыншылар тізіміне енді 12 адамды кіргізуге болады.

Сондай-ақ, футболдан бірінші лиганың ойын күнтізбесі белгілі болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT