Бүгін Еуропа лигасының 1/16 финалында сегіз ойын өткізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасында 16 ақпанда 1/16 финалында сегіз ойын өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысында барлығы сегіз ойын белгіленген.

Басты матчтың бірі ретінде «Барселона» (Испания) және «Манчестер Юнайтед» (Англия) кездесуін айтуға болады. Испаниялық клуб биыл Чемпиондар лигасы С тобында сынға түсіп, үшінші орынды місе тұтты. Нәтижесінде Еуропа лигасы 1/16 финалына шықты.

Ал «Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасы Е тобында екінші орынмен плей-офф сатысына жолдама алды.

Аталған кездесу елорда уақытымен 23.35-те «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, «Qazaqstan» телеарнасы елорда уақытымен 01.50-де тікелей эфирде «Ювентус» (Италия) және «Нант» (Франция) кездесуін жанкүйер назарына ұсынады.

Жарыстың аталған сатысындағы ойындар кестесі төмендегіше:

22:45. Барселона (Испания) - Манчестер Юнайтед (Англия)

22:45. «Шахтер Донецк» (Украина) - Ренн (Франция) 22:45. «Аякс» (Нидерланды) - «Унион Берлин» (Германия)

22:45. «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Рома» (Италия)

01:00. «Спортинг Лиссабон» (Португалия) - «Мидтьюлланн» (Дания)

01:00. «Ювентус» (Италия) - «Нант» (Франция)

01:00. «Севилья» (Испания) - ПСВ (Нидерланды)

01:00. «Байер» (Германия) - «Монако» (Франция)

Ойынның басталуы елорда уақытымен белгіленген.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Пари Сен-Жермен» өз алаңында «Бавариядан» жеңілді.

Сондай-ақ, «Челси» «Боруссия Дортмунд» командасына есе жіберді.


Соңғы жаңалықтар