Бүгін елордадан 24 халықаралық рейс орындалмақ

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 қаңтардағы жағдай бойынша сыртқы бағытта жоспарланған 38 әуе рейсінің 29-ы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлім етті.

«9 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласынан Ташкент, Минск, Дубай, Новосібір, Киев, Ыстанбұл, Франкфурт, Мәскеу, Шарджа, Пхукет қалаларымен екі араға қатынайтын 24 халықаралық рейсті орындау жоспарланған және Мәскеу, Жуковский, Ыстанбұл қалалары арасындағы 6 рейс тоқтатылды.

Алматы, Ақтау, Атырау, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Қарағанды қалаларынан Амстердам, Ыстанбұл, Жидда, Кутаиси, Тбилиси қалаларына 14 рейс орындау жоспарланғанымен, Мәскеу, Ыстанбұл, Кувейт, Дубай, Санкт-Петербор, Ташкент, Франкфурт қалаларымен екі арадағы 23 рейс орындалмады.

ҚР бойынша барлығы 38 рейсті орындау жоспарланып, 29 рейс тоқтатылды», - делінген комитеттің мәліметінде.

Сондай-ақ, Азаматтық авиация комитеті 19 қаңтарға дейін тоқтатылған рейстердің билетін айыппұлсыз қайтаруға болатыны мәлім етті.



Соңғы жаңалықтар