Бүгін елордада және 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 4 ақпан, жұма күнгі Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Болжамға сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды (1-дәрежелі), Павлодар (1-дәрежелі), Теміртау, Шымкент, Риддер (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі) және Өскемен (2-дәрежелі) қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар