Бүгін елордада С5+ форматында кездесу өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Орталық Азия елдері мен Еуропалық кеңес арасында С5+ форматындағы кездесу өтеді. Бұл туралы Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз көпбағдарлық қағидатын ұстанып, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үдерістеріне белсене қатысады. Келіссөздер барысында осы мәселелерге баса мән бердім. Сондай-ақ Ауғанстандағы қазіргі жағдайға Еуропалық одақтың Орталық Азия елдерімен өңіраралық қатынастарына ерекше назар аудардық», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельге бүгін түстен кейін елордамызда С5+ форматында өтетін кездесуге қатысуға шақыруын қабыл алғаны үшін ризашылығын білдірді.

«Алдағы уақытта біз халықаралық деңгейде күш-жігерімізді біріктіріп, үйлесімді жұмыс істеуге келістік. Жалпы, бүгін келіссөздеріміз табысты болды. Біз ынтымақтастығымыздың басым бағыттары бойынша бірқатар келісімге қол жеткіздік. Шарль Мишель мырзаның осы сапары Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы байланыстарды нығайта түсуге өз үлесін қосады деп сенемін», - деді ҚР Президенті.


Фото: richscatering.com



Соңғы жаңалықтар