Бүгін елордада ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 мамыр күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар