Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Бүгін елордада Астана экономикалық форумы басталады

2018 жылғы 17 мамыр 08:03 291
Бөлісіңіз:
Бүгін елордада Астана экономикалық форумы басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Global Challenges Summit 2018 форумы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экономикалық даму және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру және урбанизация, ұзақ өмір сүру және қаржы төңкерісі, жаһандық қауіпсіздік және мәдени өрлеу - осынау жалпыадамзаттық тенденциялардың бәрі жаңғырған Астана экономикалық форумы Global Challenges Summit 2018 бағдарламасының өзегін құрап отыр.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдегеніндей, 2018 жылы форумға әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер қатысып, рекордтық көрсеткішке жетеді. Биыл топ-спикерлердің арасында Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бас экономисі Ганс Тиммер сынды есімдер бар.

«Спикерлердің арасында саясаткерлер, технологтар, технология әлемінің лидерлері, денсаулық сақтау және ресурстарды пайдалану салаларының өкілдері бар. Көпшілігіңізге Стив Возняк, Митио Каку есімдері таныс шығар. Бұл жерде компаниялардың өздері емес, олардың қалай құрылғаны, біздің елде қандай идеяларды алға тартатыны маңызды», - деді министр.

Форумның алғашқы екі күні күн тәртібіндегі жаһандық мәселелерге арналады, үшінші күні спикерлер ҚР Үкіметінің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен алты бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.

«Бұл біз нақты сабақ алуымызға болатын практикум», - деген болатын Т. Сүлейменов.

Конгрестің 10 жылдық жұмысы барысында оған әлемнің 150 елінен 50 мың делегат, соның ішінде 20-дан астам Нобель сыйлығының иегерлері, 30-дан астам шетелдік жоғары деңгейлі саяси қайраткерлер келген.

Конгресс аясында жалпы құны 20 млрд доллардан асып жығылатын 300-ден астам меморандум және келісімдерге қол қойылды.

Әр жылдары форумда әлемдік деңгейдегі саясаткерлер, ғалымдар, экономистер, журналистер және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, бизнес-элитаның өкілдері спикер болды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT