Бүгін еліміздің батысында жайсыз метеожағдай қалыптасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, қыркүйектің 22-сі күні Қазақстанның басым бөлігінде метеожағдай жайлы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Синоптиктер таратқан мәліметтерге қарағанда, тек Ақтау мен Атырауда ғана метеорологиялық жағдай жайсыз болып, яғни ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар