Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады - Қазгидромет

2023 жылғы 16 наурыз, 06:00
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 16-шы наурыздың күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, республиканың шығыс жартысында күн құбылмалы болады. Солтүстік-батыс циклон жырасының және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуінен, мұнда жаңбыр мен қар жауады.

ҚР батыс жартысы антициклонның әсерінде болады, күн ашық болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел тұрады, ҚР солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, елдің оңтүстік-батысында, батысында – шаңды дауыл тұрады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar