Бүгін еліміздің барлық онкодиспансерлерінде ашық есік күні өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның барлық онкологиялық диспансерлерінде ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашық есік күнінде маммолог мамандарының тегін кеңесін алып, маммографиялық нұсқаулық пен УДЗ-дан өтуге болады. Сонымен қатар, қатерлі ісікке тегін скрининг жасау туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар», - делінген Қазақстанның медициналық сақтандыру қоры таратқан хабарламада.

Медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, бүгінде кеуде қатерлі ісігі Қазақстандағы онкологиялық аурулардың ішінде алғашқы орында тұр. Сондықтан, еліміздегі 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер өздері тіркелген емханада 2 жылда бір рет тегін маммографиялық тексеруден өтіп тұруы тиіс. Осы орайда онкологиялық ауру түрлерімен күресуге Қазақстан жыл сайын 36 млрд теңге қаржы бөледі. Оның 4 миллиарды тегін онкоскрининг жасауға жұмсалады.  

Айта кетсек, Елбасының 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық саласына қатысты бірнеше бастамалар айтылған болатын. Соның бірі - 2019 жылы басталатын Астанадағы Ұлттық онкологиялық ғылыми орталықтың құрылысы. 

Одан бөлек, Жолдауда медициналық-әлеуметтік көмектің қолжетімділігі мен денсаулық сақтау саласында digital-технологияларды дамыту керектігін қадап айтқан болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі келер жылдан бастап барлық денсаулық сақтау мекемелеріндегі қағазбастылықты жойып, электронды форматқа көшіруді қолға алып жатыр. 

null

Соңғы жаңалықтар