Бүгін еліміздің аймақтарына тұман түседі – Қазгидромет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан жеректерге қарағанда, бүгін республикамыздың басым бөлігі оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы құбылып тұрады - жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста кей уақыттарда қатты (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, желдің күшейеді.

Тек, елдің солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарына әлі де антициклон жотасы өз әсерін тигізіп, күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түседі.

Алматы облысының таулы аудандарында, күндіз Маңғыстау облысының батысында, түнде Түркістан, Жетісу, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.


Соңғы жаңалықтар