Бүгін еліміздің 5 өңірінде оқушылар ауа райына байланысты мектепке бармады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің бірнеше өңірінде мектептер мен колледждердегі сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Температураның төмендеуіне байланысты 29 қарашада Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде бірінші ауысымның сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды

Атап айтқанда, Өскеменде, сондай-ақ Алтай, Тарбағатай, Ұлан, Глубокое, Самар, Катонқарағай, Шемонаиха, Зайсан және Күршім аудандарында 0-11 сыныптар мектепке бармайды.

Ал Риддерде 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Қызылордада да қолайсыз ауа райына және қатты желге байланысты 0-4 сынып оқушылары онлайн білім алады.

Қарағандыда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары үйде қалды.

Павлодарда ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-сыныптан 9-сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды.

Абай облысында 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2 курс студенттері онлайн оқитын болды.


Соңғы жаңалықтар