Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 5 ақпанда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық жағдайға болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жекенбіде Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар