Бүгін еліміздің 10 қаласында жайсыз метеорологияық жағдай қалыптасады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін еліміздің 10 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

«2023 жылғы 3 ақпанда Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар