Бүгін елдің басым аумағында жауын-шашын күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 29 наурыз күні республиканың кей жерлерінде, солтүстік және батыс  аймақтарының  басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

Жекелеген жерлерде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады,  республиканың солтүстік, батыс аймақтарында бұрқасын, оңтүстік, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, оңтүстік-батыс, оңтүстік аймақтарында найзағай  күтіледі.

Атап айтқанда, Атырау, Маңғыстау облыстарында жел 17-22м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. 

Ақтөбе облысында  жел 15-20 м/с артады, кей жерлерінде тұман,  көктайғақ күтіледі. Алматы облысының  Жалаңашкөл ауданында күндіз  желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ,  бұрқасын болып, жел 17-22 м/с күшеюі күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ақмола  облыстарының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында желдің екпіні - 23, Ақмола облысында 25 м/с артады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, найзағай болжанады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында тұман, күндіз найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Соңғы жаңалықтар