Бүгін елдің басым аумағында күн райы жауын-шашынсыз болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 20 сәуір күні елдің батыс және оңтүстік бөлігінде жаңбыр жауады, жауын-шашынсыз күн райы батыс, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда күтіледі. 

Кей жерлерде тұман түсіп, екпінді жел  соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман болып,  күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа артады.

Батыс Қазақстан  облысының кей аумақтарында тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде күндіз сондай-ақ, жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан,  Қарағанды,  түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар