Бүгін Елбасы Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінде болды

None
None
/em>.АЛМАТЫ. Тамыздың 12-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Елбасы Н.Назарбаев Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасын заманауи жаңа мектептің директоры Гүлайым Байжекенова мен ата-аналар қарсы алды. Мектеп директоры оқу жылының басталуына орай жүргізіліп жатқан дайындықтар барысымен таныстырып, мектептің жабдықталуы туралы баяндады. Елбасы мәжіліс залын, физика және химия пәндерінің зертханаларын көрді. Одан кейін биология пәні кабинеті мен роботтар көрмесімен танысты.

Құрылысы 2008 жылы басталған мектеп 900 балаға арналған. Құрылысына 2447,6 миллион теңге жұмсалған. Мектеп заманауи құралдармен жабдықталған. Мұнда 816 орынды мәжіліс залы, электронды абаномент орнатылған кітапхана, интерактивті құралдармен жабдықталған 59 сынып бар. Сондай-ақ химия, биология пәндеріне арналған жеке зертханалар бар. Сыныптар интерактивті тақталар мен техникалық ультрамоноблогтармен жабдықталған.

Мектепте зияткерлік механизмдерді үлгілеу мүмкіндігі бар роботтық техника зертханасы, блогы элементтерінен роботты жинау, қарапайым бағдарламаларды қамтамасыз етудің көмегімен бағдарламалау және роботтың өмірін бақылау, оқушыларды ғарышкерлік-медицина және басқа да салаларға ғылыми зерттеу жұмыстарына тартуға мүмкіндік беретін нано-технологиялық зертхана жұмыс жасайтын болады.

Мұнда білім беретін қызметті жүзеге асырудың жағдайын және оқу үрдісін жүргізуді, оны ақпараттық қолдауды және құжаттандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық телеқатынастық кешен қызмет етеді. Мектеп локалды желіге қосылған, сабаққа қатысушылардың мониторингін анықтап серверді бірден мәлімет көрсететін электронды есепке алу жүйесі орнатылған. Сондай-ақ екі бассейн, спорт, гимнастикалық және хореографиялық залдар, футбол алаңы, жүгіру жолы бар спорт алаңдарымен жабдықталған.

Негізгі және жоғарғы мектеп аптасына алты күн толық тәртіпте, бастауыш мектеп бес күндік кесте бойынша жұмыс істейді. Оқушылар үш мезгіл тамақтанып, балалардың денсаулығын педиатрлар мен стоматолог дәрігерлер бақылайды. Мектепте түрлі клубтар мен үйірмелер және секциялар да құрылған. Сондай-ақ мектептің жанынан 90 орынды балабақша қарастырылған.

Жаңа мектеп жұмысына сәттілік тілеген Елбасы ұстаздар мен оқушы, ата-аналармен естелік суретке түсті.

Соңғы жаңалықтар