Бүгін Екібастұзда 152 жеке үй мен 2 мекеме жылудан уақытша ажыратылады

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласында жылу берілетін жабдықтау параметрлерін тұрақтандыру және жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы жергілікті әкімдікке сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

Ондағы мәліметке қарағанда, 19 қаңтарда келесі жөндеу жұмыстары жоспарланған:
⠀- Королев көшесі, 56-үй бағытында жаңадан орнатылған жылу желісін ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін 94 жеке тұрғын үй мен 1 заңды тұлғаны жылумен жабдықтаудан ажырату;
- Жамбыл көшесі, 20-үй бағытында орамішілік жылу желісі учаскесінде жылу желісіне қосу жұмыстары, осыған байланысты сағат 13.00-ден 17.00-ге дейін 29 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату;
- Жүнісов көшесі, 22-24-үйлер бағытындағы орамішілік жылу желісі учаскесіндегі зақымдануды жөндеу, осыған байланысты сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін 15 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату;
- 1 Юго-Западный көшесі, 25-үй бағытында орамішілік жылу желісі учаскесінде жылу желісіне қосу жұмыстары, осыған байланысты сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін 4 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату;
- Гридин көшесі, 154-үй бағытында жаңадан орнатылған жылу желісін ауыстыру, осыған байланысты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін 16 жеке тұрғын үйді жылумен жабдықтаудан ажырату;
- Мәшһүр Жүсіп көшесі, 85 «а»-үй бағытындағы жылу желісінің ақаулы учаскесін ауыстыру, осыған байланысты сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін 1 әлеуметтік объектіні (№25 балабақша) жылумен жабдықтаудан қысқа мерзімді уақытқа ажырату жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар