Бүгін екі қалада қолайсыз метеоахуал күтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМҚК мәліметінше, бүгін Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Алматы қаласында метеорологиялық ахуал 5 тамыз тәулік бойы, 6 тамыз түнде атмосфераға ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейінің төмен болуы күтілуде.

«Содан соң Петропавл қаласында 5-6 тамызға қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қалада ауаның ластану деңгейі көтеріңкі болуы мүмкін», - деп жазды ведомстводан.





Соңғы жаңалықтар