Бүгін Бурабайда триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталады

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін санаулы сағаттардан соң Бурабайда триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталады.

Екі күні бойы курортты өңірде өтетін сайысқа Гонконг, Жапония, Сирия, Өзбекстан, Корея, Сингапур, Моңғолия, Филиппин, Иран, Малайзия, Тайпей, Қытай, Таиланд және Казақстанның жас триатлоншылары қатысуда.

Сондай-ақ, осынау шараға Азия триатлон федерациясы, Дене шынықтыру және спорт ісі жөніндегі агенттік, Ақмола облысы әкімдігі, Бурабай ауданы әкімдігі, ҚР триатлон федерациясы және болашақ олимпиадашыларды дайындайтын жасөспірімдер мен балалардың облыстық спорт мектебі мұрындық болып отырғанын айта кеткен жөн.

Жарыс жолына алдымен қыздар, соннан соң ер балалар шығады. Сайыс ережесі бойынша триатлоншылар алдымен 750 метр суда жүзіп, 20 шақырым велосипедпен жарысады және 5 шақырым жаяу жүгіреді.

Ал ертең командалық есеп бойынша жарыстың қорытынды кезеңі ұйымдастырылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар